Миқұрт инфекциясы және оны алдын алу шаралары
2018 жылғы 30 мамырында ШЖҚ «Павлодар ауданының поликлиникасы» КМК медициналық қызметкерлері арасында «Миқұрт инфекциясы және оны алдын алу шаралары» тақырыбына семинар өткізілді. Жұқпалар бойынша дәрігері Г.Н. Бильтаева миқұрт инфекциясының этиология, эпидемиология, клиника, диагностикалау, емі мен алдын алу шаралары жөнінде толық мәлімет берді. Медициналық қызметкерлердің балалар миқұртын анықтаған кездегі орындалатын шараларға ерекше көңіл бөлінді.
Миқұрт – ми қабықтарының (meminx) асқынуымен, бас ми мен жұлынның қабынуымен сипатталатын қауіпті ауру.
Миқұртының белгілері: Миқұртына – температураның күрт 40 градусқа дейін көтерілу, бастың ауыруы, жарықтан қорқу, әлсіздік пен бас айналу, желкенің ауыруы, құсу мен бөртпе шығуы тән. Бұл ауру белгілері басқа аурулар симптомдарына, әсіресе ЖРВИ өте ұқсас. Сонымен, миқұртының белгілерін қалай анықтауға болады?
Бас ауыруына ерекше көңіл бөлу қажет. Бас тұрақты ауырады, әсіресе желке жағынан, басты алға қарай еңкейту кезінде мойын бұлшықеттері ауырады, яғни науқас «арқада жату» қалпында сияқты. Кенеттен құсу – жеңілдік сезімін әкелмейді. Бұл белгілермен қатар, бөртпелер шығуы мүмкін. Нәрестелерде «еңбегі» ісуі мүмкін.
Миқұрты неден туындайды? Миқұрты бактериялардан, көбінесе менингококк жұқпасы, сонымен қатар вирустардан пайда болуы мүмкін.
Науқас немесе сау тасымалдаушы адам инфекция көзі болуы мүмкін. Инфекцияны жұқтыру жолдары: ауа-тамшы, тұрмыс заттары, су арқылы, яғни ашық су қоймалары мен бассейнде шомылу кезінде.
Қоғам үшін науқас немесе белгілері көрінбейтін жұқпаны тасымалдайтын адамдар қауіп төндіреді. Бір науқас адамға 20 мың тасымалдаушы келеді. Миқұрты инфекциясын алдын алудың негізгі шаралары:
1. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, өздігінен емделмей, дереу медициналық көмегіне жүгіну қажет.
2. Көпшілік жиналатын орындарға барудан бас тарту қажет.
3. Ауырмау және басқаларға жұқтырмау үшін, жіті және созылмалы жұтқыншақ ауруларын: фарингит, тонзилит, ларингит уақытылы емдеу керек. 4. Ашық ауада серуендеу және қоғамдық көліктерде жол жүруден бас тарту ұсынылады.
5. Дәрумендермен байытылған құнарлы және үйлестірілген тағамдар ішіп отыру қажет.