Ең үздігін марапаттады
Адал еңбегі және қоғамдық өмірге белсенділікпен қатысқаны үшін Заря ауылының дәрігерлік амбулаториясының аға мейірбикесі Елена Серенко ««Саламатты Павлодар» медициналық Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің құрмет мадақтамасымен марапатталды. Марапаттау Халықаралық мейірбике күнін тойлауға орайластырылған. Салтанатты рәсім «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдениет-сауық қызметі облыстық орталығында өтті. Елена Владимировна салтанатты шараға келе алмады. Келмеу себебі де дәлелді, науқасты Павлодар қаласының № 1 аурухананың жарақаттар пунктіне апарған болатын. Аудандық емхана әкімшілігі ұжымдасын қолдап, апталық медициналық кеңесі кезінде мекемеде мейірбикені кәсіби мерекесімен құттықтады. Аудандық емхананың бас дәрігері мерекелік жиналысты ашты. Каирбаева Гүлназ ұжымдасын төл мерекесімен құттықтап, кәсіби салада жетістіктерге жетуіне тілектерін білдірді. Кейін бас дәрігердің аудит бойынша орынбасары Ибраева Сауле жиналысты жалғастыру барысында қызметкерлерді марапаттау кандидатурасын таңдаудағы критерийлермен таныстырып шықты, яғни жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес, жоғары медициналық біліктілік санаты мен «Саламатты Павлодар» ҚБ мүшелік етуі тиіс екендігін ескерді. Аудан бойынша жалғыз Елена Серенко ғана бұл критерийлерге сай болып отыр. Елена Владимировна өз еңбегін Заря ауылының бала-бақша мейірбикесі лауазымынан бастады. Кейін Бірлік ауылының медициналық пунктінің фельдшері болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта ол Заря ауылының дәрігерлік амбулаториясының аға мейірбикесі болып жұмыс істейді. Елена Владимировна дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері Естаева Айгүлдің оң қолы және бірінші көмекшісі болып табылады. Күніне 25 пациент қабылдауға келгенде, Елена Владимировна әрбіреуіне жылы сөз айтып, шын көңілімен қарайды. Таусылмас тіршілік энергиясы мен позитивті ойлау Елена Серенкоға қиын, әрі жауапты жұмысын орындауға көмектеді. Қызметкердің кәсіби біліктілігіне адам денсаулығы, кейде оның өмірі де байланысты болады.