140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы О.С. Мұқашева Павлодар облысының емханасында

06.02.2018

6 ақпан күні Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқашев Ораз Сәрсенғалиұлы Павлодар ауданының поликлиникасына жұмыс сапарымен келді.

Ораз Сәрсенғалиұлы келуі барысында емханада кешенді медициналық ақпараттық жүйесінің (КМАЖ) енгізілуімен танысып шықты. КМАЖ әзірше емхананың жалпы тәжірибе дәрігерлері мен аралас мамандарға онлайн жазылу арқылы кезекті автаматтандырудың алғашқы мысалы болып отыр. Ал Павлодар ауданының емханасы ауданымызда бірінші болып КМАЖ орнатып, скайп арқылы кеңес береді.

Бұл ақпараттық жүйе медициналық ұйымда осы мезеттегі атқарылатын жұмыстарды, яғни әрбір қаранған науқасқа дәрігердің сырхатнама көшірмелерін, дәрі-дәрмектерге рецепттерін беруі және флюорографиялық тексерістен өтулерін бақылауға көмегін тигізеді. Сонымен бірге емхана өкілдері денсаулық сақтау басқармасының басшысына тіркеу орнының модулін, дәрігердің жеке кабинеті, ахуалдық орталығы, флюрокартотека мен алдын алу жұмыстары қалай жүргізілетінін көрсетті. Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілу мәселесі бойынша сауалдар қойылды.

IMG_6667 IMG_6664 IMG_6659






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа