Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі шетелдіктер
Медициналық сақтандыру жүйесі мемлекеттің, жұмыс ұсынушының және азаматтың жауапкершілігі қағидасына негізделеді.
Шетелдіктер және оның отбасы мүшелері (бірге тұрып жатқан күйеуі (әйелі) және балалары) және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан, азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ қандастар, құқықтарға ие және Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жүктеледі.
Шетел азаматтары 2017 жылғы 15 қыркүйектен басталып, 15 қарашаға дейін жалғасын табатын, медициналық санитарлық көмек кқрсететін, денсаулық сақтау объектілеріне азаматтардың тіркелуі жөніндегі науқан кезінде емханаға еш кедергіссіз тіркелуді іске асыра алады. Емхана қызметкерлері жоғарыда аталған тұлғалардан өтінішті қабылдап, тіркеуді іске асыруға міндетті. Тек бір емханаға тіркелуге болады.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған санаттағы азаматтар тмегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, жарналар мөлшеріне қарамастан, қажетті көлемде и көмекті алуға құқылы.
МӘМС пакеті бойынша қызметтерді алу үшін, МӘМС Қорына ай сайын «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы аударымдар және (немесе) жарналар түссе болғаны.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шетелдерге медициналық көмек көрсету туралы ауқымды ақпаратты Сіз Фонда – fms.kz, Facebook, instagram – @fms.kz әлеуметтік желілерде, немесе Call-center 1414 телефоны бойынша таба аласыз.