Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні (2017 жылғы 13 мамыр)
2017 жылғы 12 мамырында Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні шеңберінде ШЖҚ «Павлодар ауданының поликлиникасы» КМК қызметкерлері «Өз қысымыңды өлше» акциясын өткізді.
Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күнінің мақсаты: жоғары артериялық қысым себебі мен салдарына қатысты халықты ақпараттандыруды арттыру, жоғары АҚ мен оның асқынуының алдын алу, сондай-ақ АҚ өздігінен бақылау, халық үшін АҚ өлшеудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, емделу пайдасына қоғамдық пікірді, салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары, сонымен бірге тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі мен бұқаралық ақпарат құралдарында МӘМС түсіндірілуі.
Акция шеңберінде барлық қалаушыларға артериялық қысымдары өлшеніп, маман кеңестері берілді. Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатымен ақпараттық-білім беру материалдары (бүктеме мен үндеухаттар) таратылды. Поликлиника холында тұрғындар үшін бейне-роликтер көрсетілді.