МӘМС енгізілу бойынша ақпараттық-түсініктеме жұмыстары жөнінде
Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде Павлодар ауданының поликлиникасы қызметкерлерінің жұмыс тобы мен Павлодар ауданының еңбекпен қамту орталығымен бірлескен жұмысы бойынша тұрғындар арасында МӘМС енгізілу жөнінде түсініктеме жұмыстары жүргізіліп жүр. Бүгінгі таңда Павлодар ауданының 14 ауылдарына іссапарға шығып, тұрғындар арасында ескертпелер таратылды.
Сонымен бірге халық көп жиналатын оындарда МӘМС енгізілуі туралы бейне роликтері көрсетіліп жүр.