140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

7 сәуір – Халықаралық денсаулық күні

07.04.2017

2017 жылғы Халықаралық денсаулық күні шеңберінде Павлодар ауданының поликлиникасында «Жабығу кезінде – сөйлесіп көрейік» ұранымен психологтар «Ашық есік күнін» өткізді. Салалық мамандар тұрғындарды қабылдап, ал психологтар жеке консультациялар мен әңгіме жүргізді. Поликлиника холында психоэмоциялық кернеуін қайтару бойынша «Жарқын болашаққа» тақырыбына медициналық қызметкерлер мен емделушілер арасында флеш-моб өткізді.
Тұрғындар арасында Депрессия (жабығу) себеп-салдары, өзіне-өзі қол жұмсау, сонымен бірге оныалдын алу мен емдеу бойынша ақпараттылығын арттыру мақсатымен психологтар ақпараттық-білім беру бүктемелерін таратты. Холлдағы шаралармен қатар салауатты өмір салтын ұстану, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру), тиімді тамақтану, физикалық белсенділік, шылым шегу мен ішімдік ішуден бас тарту жөнінде бейне – роликтер көрсетілді.
«Болашақ» Жастардың денсаулық орталығы, әлеуметтік қызметкер және мектеп психологымен бірлескен жұмысы нәтижесінде Красноармейка мектеп оқушыларына «Жабығуды-ТОҚТАТ!!!» тақырыбына тренинг-дәрісі өткізілді. Дәрістен кейін салауатты өмір салтын ұстану, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру), тиімді тамақтану, физикалық белсенділік, шылым шегу мен ішімдік ішуден бас тарту жөнінде бейне – роликтер көрсетілді. Кейін психикалық денсаулығын нығайту, жабығуды алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа