Дүниежүзілік инсультпен күресу күніне арналған Ашық есік күні
Дүниежүзілік инсультпен күресу күні аясында халықтың жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттің алдын алу туралы хабардарлығын арттыру мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында келушілер невролог пен кардиологтың кеңесін алды. Медицина қызметкерлері артериялық қан қысымын өлшеп, денсаулықты сақтау және инсульттің даму қауіп факторларын азайту бойынша жеке ұсынымдар берді. Сонымен қатар халық арасында инсульттің алдын алу туралы хабардарлық деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Есіңізде болсын: инсульттің алдын алу өз денсаулығыңызға қамқорлық жасаудан басталады!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.