Мичурино ауылында инсульттің алдын алу
Мичурино ауылының дәрігерлік амбулаториясында Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында медицина қызметкерлері инсульттің даму қауіп факторлары, артериялық қан қысымын жүйелі түрде бақылаудың, дұрыс тамақтанудың, дене белсенділігін арттырудың және зиянды әдеттерден бас тартудың маңыздылығы туралы түсіндірді.
Сонымен қатар инсульттің алғашқы белгілерін дер кезінде тануға және медициналық көмекке шұғыл жүгінуге ерекше назар аударылды. Себебі инсульт кезінде әрбір минут маңызды!
Инсульттің алдын алу — өз қолымызда. Өзіңізді және жақындарыңызды күтіңіз!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.