Бакирова «Санжар Асфендияров» медалімен марапатталды
Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында халықтың денсаулығын қорғауға қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін Макпоз Набиевна Бакирова “Санжар Асфендияров”медалімен марапатталды.
Бұл марапат кәсіби қызметті, өз ісіне берілгендікті және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесін лайықты мойындау болып табылады.
Павлодар ауданы емханасының ұжымы Мақпоз Нәбиқызын лайықты наградасымен құттықтайды!
Сізге зор денсаулық, амандық, Сарқылмас қуат, одан әрі кәсіби табыс және халықтың денсаулығы үшін жаңа жетістіктер тілейміз!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.