Луганск дәрігерлік амбулаториясында артериялық гипертензия мектебінің сабағы
Луганск дәрігерлік амбулаториясында «АГ мектебі» бағдарламасы аясында тұрғындарға арналған сабақ өткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға артериялық гипертензияның алдын алу, қан қысымын тұрақты бақылау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігінің маңызы және салауатты өмір салтын ұстану туралы ақпарат берілді.
Мұндай сабақтар тұрғындардың денсаулыққа жауапкершілігін арттыруға, аурудың асқынуының алдын алуға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.