Қызғылт қазан: Розовка ауылында сүт безі обырының алдын алу
Сүт безі обырына қарсы дүниежүзілік күрес күні аясында Розовка ауылының дәрігерлік амбулаториясында сүт безі обырының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға аурудың қауіп факторлары, оны ерте анықтаудың маңыздылығы, профилактикалық тексерулерден тұрақты өту және дәрігерге уақтылы қаралу қажеттілігі түсіндірілді.
Әйелдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және тексерілуді кейінге қалдырмауына ерекше назар аударылды.
Ерте диагностика — денсаулық пен өмірді сақтаудың маңызды қадамы!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.