Қызғылт қазан: Набережное дәрігерлік амбулаториясында түсіндіру жұмыстары
Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күні аясында Набережное дәрігерлік амбулаториясында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу, ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы, тұрақты профилактикалық тексерулерден өту және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша ақпарат берілді.
Ерте анықтау — дер кезінде емделуге және аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Әрбір әйел өз денсаулығына көңіл бөліп, профилактикалық тексерулерден уақтылы өтуі маңызды!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.