МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘУЛЕТ: ҰРПАҚТАРДЫ БІРІКТІРЕТІН АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ
Шалиповтар отбасы үшін медицина жай ғана мамандық емес, отбасылық тарихтың бір бөлігіне айналды. Бүгінде Шалипова Людмила Владимировна мен оның улы Шалипов Руслан Арманұлы Ефремовка дәрігерлік амбулаториясында бірге жұмыс істейді.
Людмила Владимировна үшін медицина мамандығын таңдау әрдайым адамдарға көмектесуге деген ұмтылыспен байланысты болды. Ол пайдалы болуды, көмекке мұқтаж жандарға демеу беріп, айналасындағылардың денсаулығына қамқорлық жасауды қалады.
Руслан бала кезінен анасының өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарайтынын көріп өсті. Сондай-ақ осы саламен өмірін байланыстырған басқа да туыстары арқылы медицина оның жанынан табылды. Сондықтан уақыт өте келе ол отбасылық дәстүрді жалғастырып, медицина бағытын таңдауды жөн көрді.
Бұл ретте анасы ұлының бұл шешімі өзі үшін күтпеген жағдай болғанын мойындайды. Ол ешқашан өз мамандығын таңулаған емес және оны өз жолымен жүруге мәжбүрлемеген. Руслан бұл таңдауды өз бетінше жасады.
Бүгінде олар қатар жұмыс істейді және бұдан ерекше құндылықты көреді. Әркімнің өз міндеті мен кәсіби рөлі бар, бірақ мақсаты бір — пациентке көмектесу. Олар бірге жағдайды талқылап, ең жақсы шешімді таба алады әрі жұмыста бір-біріне қолдау көрсетеді.
«Пациентке шынымен де көмектесіп жатқаныңды көргенде қатты қуанасың. Бұл көңілге қуаныш ұялатады. Пациенттеріміз үшін не және қалай жақсырақ істеу керектігін бірге шешеміз», — дейді Людмила Владимировна.
Шалиповтар отбасы үшін медициналық әулет болу — тек мамандықты емес, сонымен бірге адамдарға деген қарым-қатынасты да жалғастыруды білдіреді. Бұл — ұрпақтан-ұрпаққа өтетін үлгі: мұқият, жауапты болу және әрбір өтініштің артында көмекке мұқтаж адам тұрғанын әрдайым есте сақтау.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.