Ольгинка ауылындағы ФАП-та жаңа медициналық құрал-жабдық
Ольгинка ауылындағы ФАП-қа жаңа заманауи 12 арналы электрокардиограф сатып алынды. Бұған дейін ФАП-та ескі аппарат қолданылған болса, енді медициналық құрал-жабдықтың жаңартылуының арқасында ауыл тұрғындары қажетті ЭКГ зерттеулерінен заманауи құрылғы арқылы өте алады.
Ауыл тұрғындары үшін бұл — медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыратын маңызды жаңарту.
Ольгинка тұрғындары жаңа жабдықтың қолданысқа енгізілгеніне қуанышты екенін айтып, бұл жаңалықты ФАП пен ауыл үшін үлкен жетістік деп бағалауда.
Тұрғындардың денсаулығына қамқорлық жасау — біздің басты міндетіміз!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.