140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Qalqan платформасы қалай жұмыс істейді?

21.05.2026

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Цифрлық даму орталығы басшысының орынбасары Гаухар Жанайдарова толығырақ баяндап берді.

Qalqan – МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді есепке алу, тексеру және төлеу үдерістерін автоматтандыратын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бірыңғай цифрлық жүйесі.

Платформаның басты мақсаты – МӘМС қаражатын пайдалану үдерісін ашық, тиімді әрі басқаруға ыңғайлы ету.

Пациенттер үшін қандай өзгерістер болады?

▪ қабылдауды QR-код арқылы растау

▪ медициналық қызметтердің цифрлық профилі

▪жедел өтініш жолдау мүмкіндігі

Сонымен қатар, Qalqan медициналық ақпараттық жүйелерді алмастырмайды және емдеу процесіне араласпайды. Платформа тек қорғалған мемлекеттік байланыс арналары арқылы қаржылық-талдамалық деректермен жұмыс істейді.

Qalqan — пациенттердің құқықтарын қорғауға және медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге көмектесетін МӘМС жүйесінің цифрлық қалқаны.

-->





Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа