140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Операциядан кейін МӘМС бойынша оңалтудан қалай өтуге болады?

15.10.2026

Егер операциядан кейін пациентке қалпына келтіру курсы қажет болса, медициналық көрсетілімдер болған жағдайда оңалту МӘМС аясында жүргізілуі мүмкін.

Оңалтудан өту үшін:

  • емдеуші дәрігерге жүгіну;
  • денсаулық жағдайын бағалаудан өту;
  • медициналық оңалтуға жолдама алу;
  • мамандардың жеке оңалту бағдарламасын әзірлеуі қажет.

Пациенттің жағдайына қарай оңалту амбулаториялық жағдайда, стационарда немесе үйде жүргізілуі мүмкін.

Оңалту бағдарламасына емдік дене шынықтыру, физиотерапия, қозғалыс функцияларын қалпына келтіру және бейінді мамандармен жүргізілетін сабақтар кіруі мүмкін.

Маңызды: оңалту бағдарламасын мамандар диагнозды, жасалған операцияның түрін және пациенттің жалпы жағдайын ескере отырып, жеке әзірлейді.

Уақытылы жүргізілген оңалту ағза функцияларын қалпына келтіруге және күнделікті өмірге оралуға көмектеседі.

Операциядан кейін МӘМС бойынша оңалтудан қалай өтуге болады? — 1






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа