140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілер МӘМС төлемдері туралы не білуі керек?

16.05.2023

Маңызды! Жұмыс беруші қызметкерді МӘМС үшін жарналар мен аударымдар туралы хабардар етуі тиіс

Қызметкерге төлемнің екі түрі түседі:

?

Аударымдар – оларды жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді – 2023 жылы оның мөлшері қызметкер жалақысының 3% құрады. Аударымдардың максималды мөлшері 10 ЕТЖ-дан 3% – дан аспауы керек (3%*10*70000=21000 тг.)

?

Жарналар – оларды жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан ұстайды, олар қызметкердің жалақысының 2% құрайды.
Аударымдардың ең жоғары мөлшері 10 еселенген ЕТЖ – 2%(2%*10*70000=14000 тг.)

?

Егер қызметкер МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін 5 жеңілдікті санаттың біріне кірсе, онда жұмыс беруші олар үшін аударымдар мен жарналарды төлемейді. Бұл санаттар:

1⃣

 балалар

2⃣

 зейнетақы жарналарын алушылар

3⃣

 “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған немесе “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатталған көп балалы аналар

4⃣

 мүгедектер

5⃣

 орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар

6⃣

 жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыстағы адамдар.






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа