В ЖӘНЕ С ГЕПАТИТТЕРІН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ҮШІН КІМДЕР СКРИНИНГТЕН ӨТЕ АЛАДЫ?
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тексеру тәуекел топтарына жүргізіледі:
медицина қызметкерлері:
қанды өңдеуге қатысатын инвазивті процедураларды жүргізетін; гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары;
хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін профильдер;
клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар;
жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар;
гемодиализ, гемотология, онкология, трансплантология, жүрек тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;
гемотрансфузия алатын, трансплантация жасататын және ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып қондыратын пациенттер;
жүкті әйелдер;
өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар.


