140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Отбасын жоспарлау мектебі

14.07.2026

Набережное дәрігерлік амбулаториясында «Отбасыны жоспарлау мектебі» аясында кезекті сабақ өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға репродуктивті денсаулықты сақтау, жүктілікті саналы жоспарлау, болашақ ата-аналардың денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану, қауіп факторларының алдын алу және ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелері талқыланды.

Мұндай кездесулер тұрғындардың денсаулық мәдениетін арттыруға және саналы ата-ана болуды қалыптастыруға ықпал етеді.

Денсаулыққа деген қамқорлық – бақытты отбасының берік негізі.






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа