Аудандық турнир өткізілді
2016 жылғы 02 желтоқсанда емхана негізінде «Павлодар ауданының мәдениет және спорт бөлімі» ММ, «Нұр Отан» Павлодар аудандық филиалымен бірге, ауданның мүмкіндіктері шектелген тұлғалары арасында шахмат және дойбыдан турнир өткізілді. Турнирге ауданның 5 ауылын намысын қорғаған 8 адам қатысты. Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталса, қатысушылары да сый- сыяпатқа ие болды. Мұндай турнир ауданда алғашқы рет өткізілуде, оны жыл сайын өткізу жоспарланған.


Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.