140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Регистратура - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 Приемная – 50-00-70

Пациенттердің құқықтары мен міндеттері

17.11.2023

Пациенттердің құқығы бар:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) алу;

2) ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;

3) диагностика, емдеу және күтім процесінде лайықты қарау, қызметкерлер тарапынан өзінің мәдени және жеке құндылықтарына құрметпен қарау;

4) қандай да бір кемсітушілік факторлардың ықпалынсыз тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын медициналық көмек алу;

5) медициналық қызмет көрсететіндердің аты-жөні және кәсіби мәртебесі туралы, сондай-ақ ішкі тәртіп ережелері туралы мәліметтер беру;

6) инвазивті медициналық қызметтерді жүргізу, пациенттің жазбаша нысанда ақпараттандырылған ерікті келісімін толтыру кезінде жүзеге асырылады. Жазбаша ақпараттандырылған келісімге дәрігердің түсіндірмесінен  пациент кейін қол қояды, пациентке қолжетімді нысанда, жоспарланған инвазивті процедура, соның ішінде ықтимал қауіптер, таңдалған процедураның артықшылықтары, балама емдеу және диагностикалық әдістер туралы деректер, сондай-ақ емдік немесе диагностикалық процедуралардан бас тартудың ықтимал салдары туралы ақпарат алу;

7) өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпарат, диагноз, емдеу іс-шараларының болжамы мен жоспары туралы ақпаратты пациентке қолжетімді нысанда алу, сондай-ақ оны үйіне шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерін түсіндіру;

8) тағайындалатын дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға;

9) емдеуге қатысты шешімдер қабылдауға қатысуға;

10) зерттеу нәтижелерімен танысу. Медициналық қорытындыны және медициналық сынақтардың көшірмесін алу (пациенттің өтініші бойынша);

11) дәрігерді таңдау немесе ауыстыру;

12) жазып бергеннен кейін емдеу жоспары мен өз денсаулығына қалай қамқорлық жасау керектігін түсіндіретін ұсынымдарды қамтитын қысқаша жазбаша ақпарат алу;

13) заңды өкілдер тарапынан сүйемелдеу (бұл рұқсат етілген бөлімшелерде);

14) медициналық технологияның қазіргі деңгейі мүмкіндік беретін дәрежеде ауырсынуды жеңілдету;

15) өз денсаулығының жай-күйі туралы тәуелсіз пікір алу және консилиум өткізу;

16) егер медициналық күтімнің (емдеудің)егжей-тегжейін түсінуде тілдік кедергі болса, аудармашыны ұсыну (мүмкіндігінше);

17) пациенттерді қолдау қызметі немесе шағымдар мен ұсыныстар кітабы арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар ұсыну, ұсыныстар мен түсініктемелер беру;

18) егер пациент кәмелетке толмаған болса немесе пациент денсаулық жағдайы бойынша өз құқықтарын пайдалана алмаса, онда бұл құқықтар оның заңды өкіліне берілетін болады;

           19)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар.

-->





Версия для слабовидящих
Версия для слабовидящих